Заң және тәртіп: ведомствоаралық ынтымақтастық

Заң және тәртіп: ведомствоаралық ынтымақтастық

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті әскери департаментінің өкілдерімен кеңес өтті.

Кездесу барысында Қорғаныс министрлігінің нысандарындағы өрт қауіпсіздігі бойынша заңдылық мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері, сондай-ақ өтініш берушілермен және өтініштермен жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Прокуратура өкілдері өтініштермен жұмыс істеу кезінде қарау мерзімдерін қатаң сақтау, сондай-ақ материалдарды жинау кезінде толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.

Жеке құрамның тәртіпті бұзуға, заңдылыққа және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділігін сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар жеке қаралды.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл тұжырымдамасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу кезіндегі іс-қимылдардың келісілуін қамтамасыз ету түйінді болып табылады.

 

#заңжәнетәртіп #ТЖМ #өртқауіпсіздігі #прокуратура