Аңдатпа

Аңдатпа

2024 жылғы 23 қарашада сағат 10.00-де Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы мен елорда маңындағы елді мекендердегі тұрғын секторда «Біз қауіпсіздікті таңдаймыз» бірлескен ауқымды профилактикалық рейд өткізеді.

Іс-шараға ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен волонтерлер қатысады.

Профилактикалық іс-шара барысында азаматтарға жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, датчиктер орнатылады және нұсқаулар жүргізіледі, сондай-ақ БАҚ үшін брифинг өткізіледі.    

Жиналу орны: Астана қаласы, «Астана Арена» футбол аренасының тұрағы, Тұран даңғылы 48 Қабанбай батыр даңғылы жағынан.

 

Аккредиттеу мен жиналу орны мәселелері бойынша

ТЖМ және Астана қ. ТЖД баспасөз қызметтеріне

8 777 115 38 84, 8 701 529 01 87, 8 776 166 21 66 телефондарына хабарласыңыздар