
Бүгін 10 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі
Е.А. Төрегелдиев Комитеттің жеке құрамына Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңызды тұстарын түсіндірді.
Отырыс барысында 2025 жылды Президенттің «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны атап өтілді. Біздің қоғамдағы еңбекқорлық пен кәсіпқойлықтың құндылықтары әрқашан бірінші орында тұруы керек. Өз ісінің мамандарының арқасында ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасуда. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін дәйекті шаралар қабылдауды жалғастырамыз.».
Сонымен қатар Жолдауда айтылған негізгі бағыттар талқыланды, атап айтқанда:
- инвестициялық ахуалды және бизнесті жүргізуге қажетті жағдайларды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу;
- еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау;
- инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу;
- еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру;
- экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамыту;
- мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру.
Өз кезегінде, жеке құрам ортақ мақсатқа жетуге дайын екендігін білдірді.
ТЖМ Өртке қарсы қызметі