ТЖМ құтқарушысы Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

ТЖМ құтқарушысы Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

Ұлытау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Әлтай Бердіқұл 8-13 қыркүйек аралығында елордада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ұлытау облысының намысын қорғайды.

Әлтай Бердіқұл спортшы, мас-рестлингтен 90 келі салмақтағы ұлттық құраманың мүшесі. Ол 2024 жылғы мамыр айында Өзбекстанда өткен мас-рестлингтен Азия чемпионатында жүлделі үшінші орынға ие болды. «Арқан тарту» республикалық және облыстық ұлттық ойындарының тұрақты қатысушысы.

Құтқарушы мамандығында 2016 жылдан бастап қызмет атқарады. Қызмет өткерген жылдары бірнеше авариялық-құтқару операциясына қатысты, ол бірнеше адамның өмірін құтқарған.

 

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі