
Алматы тауларының панорамалық көрінісі бар көркем жерде «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатының мандаттық комиссиясы өтті.
Төрешілер корпусы, команда өкілдері жеребе тартып, алдағы чемпионаттың өту барысын егжей-тегжейлі талқылады. Қазақ батырлары мен ұлттық киімдегі қыздар мен музыкалық қойылымдар қонақтардың жүрегін жаулап алды.
ТЖ вице-министр Ерлан Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі атынан адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайлардың әртүрлі түрлерін жоюға арналған игі спорт түрін таңдаған спортшыларға құрмет білдірді. Сонымен қатар барлық қатысушыларға жарқын жеңістер, жаңа спорттық биіктерді бағындыруды тіледі.
Сол күні спортшылар орталық стадионда орналасқан спорттық снарядтарды сынап көрді, ал жаттықтыру штабы жеке және командалық түрлердің орындалуына соңғы түзетулер енгізе алды.
Бүгін кешкі сағат 20.00-де. Алматы қаласының орталық стадионында өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтеді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі