ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылыды жетілдіру

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылыды жетілдіру

ТЖМ делегациясы Минск қаласында өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының 3-ші отырысына қатысты.

Мемлекетаралық жұмыс тобының отырысы барысында «Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы» ЕАЭО ТР 043/2017 талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атқарылған жұмысы жинақталды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстандық тараптың бірыңғай цифрлық платформа құру туралы ұсынысы бірауыздан қолдау тауып, ЕЭК-ке жіберу туралы шешім қабылданды.

Бұл платформа ЕАЭО елдері арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимылды жақсартуға, ақпарат алмасудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ шешімдер қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті