«Қауіпсіз сауда» республикалық акциясымен 1500-ден астам ірі сауда нысандары қамтылды

«Қауіпсіз сауда» республикалық акциясымен 1500-ден астам ірі сауда нысандары қамтылды

Өрт қаупін азайту мақсатында сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде және базарларда 2024 жылғы 15-23 ақпан аралығында «Қауіпсіз сауда» республикалық профилактикалық акциясы өткізілді.

Акция аясында ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» ҰКП және еріктілермен бірлесіп, сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде және базарларда өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 1 549 профилактикалық іс-шара өткізді, оның ішінде 200-і СОО-да, 1 033-і сауда үйлерінде және 316-сы базарларда.

Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен базарлардың иелері мен жалға алушыларымен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын түсіндірумен кездесулер ұйымдастырылды. Ұсыныстары бар 10 мыңнан астам жадынама таратылды.

Сондай-ақ, профилактикалық акция аясында ірі сауда нысандарында 314 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді. ТЖМ өрт-құтқару бөлімшелерімен 930-дан астам жедел жоспар және 800 өрт сөндіру карточкасы түзетілді.

ТЖМ сауда объектілерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті