
2024 жылғы 19 ақпанда сағат 08.44-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал көшесі бойында ангардағы өртке жоғары дәрежелі шақыру бойынша шықты.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 500 шаршы метр аумақта жиһаз жасайтын өндірістік цехтың өртенгені анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 10.14-те оқшауланып, сағат 12.23-те сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 54 адам мен 12 техника, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығынан 3 адам мен 1 техника жұмылдырылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі