Батырлар мәңгі есімізде

Батырлар мәңгі есімізде

14 жыл бұрын астаналық гарнизонда орны толмас қайғы орын алды – үш қызметкер өрттен оралмады. Қайғылы жағдай орын алды. Алдымен бір өрт сөндіруші жоғалып, сол жоғалған қызметкерді іздеуге кеткен содан кейін 2 адамнан тұратын буын қайтып келмеді. Бұл оқиға 2010 жылдың ақпан айында болған, елордада бұрынғы бомбопана ғимараты өртенген болатын.

Валерий Михайлович Зайцев – елордада қиын және ауыр өрттерге шыққан. Полковниктің өзі жауынгерлік киімді киіп, өрт ошағына кіріп кететін көріністі жиі көрмейсін. Сол күні Валерий Михайлович орын алған оқиға орнын жіті қарап, мән-жайды анықтау және әріптесін құтқару үшін өртке өзі шыққан болатын.  

Саят Сапарбекұлы Абеевтың ерліктерінің қатарында ірі өрт оқиғалары, бірнеше құтқарылған өмірлер бар. Ол басқалардың өмірін өзінікінен жоғары қоятын. Өртте оның бүкіл ойы мен іс-қимылы адам өмірін құтқару және өртті жеңуге бағытталатын.

Руслан Қожахметұлы Кәкішев өмірінің соңғы минутына дейін қызметтік міндеттерін орындауға адал болды. Өзінің өмірін қатерге тігіп, жеке құрамды қорғады. Соңғы уақытқа дейін жігерлік танытып, өртпен күресті.

Олардың мейірімді, жарқын бейнелері естелік болып біздің жүрегімізде мәңгі қалады.