Елімізде «Қауіпсіз сауда» акциясы басталды

Елімізде «Қауіпсіз сауда» акциясы басталды

ТЖМ сауда объектілерінде өрттің пайда болуы қаупін азайтуға бағытталған «Қауіпсіз сауда» республикалық акцияны жариялады.

Акция шеңберінде ТЖМ бөлімшелері сауда ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде және базарларда өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді, оның ішінде олардың иелерімен және жалға алушыларымен кездесулер ұйымдастырып, ұсынымдар береді.

Ал ірі сауда объектілерде сонымен қатар өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуі жоспарлануда.

Профилактикалық акция 23 ақпанға дейін жалғасады.

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті