Медеу ауданындағы өрт: екі қабатты ағаш сарай мен көрші ғимараттар өрттен аман қалды

Медеу ауданындағы өрт: екі қабатты ағаш сарай мен көрші ғимараттар өрттен аман қалды

Сағат 19.51-де өрт сөндірілді. Қабылданған шаралармен өрттің  екі қабатты ағаш сарайға және көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Нақтыланған ақпарат бойынша өрт алаңы 380 шаршы метрді құрады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіру жұмыстарын биіктіктің үлкен айырмашылығы, отқа төзімділіктің төмен дәрежесі-ағаштан салынған ғимараттар, жақын маңда су көздерінің болмауы қиындатты. Жақын маңдағы өрт сөндіру гидранты 1,5 км қашықтықта орналасқан.

Еске салайық, 14 ақпан күні сағат 18:00-де Алматы қ. ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 85/77 мекенжайында орналасқан  монша кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша жоғары дәрежеде жіберілді.

"Қарбалас уақытта", таулы аймаққа апаратын жолдағы жол кептелісі өрт сөндіру техникасына кедергі тудырды.

Барлау барысында, өрт сөндірушілер екі ағаш құрылысы, ішінара 3-шісі де ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, оттың көрші ағаш коттедждерге таралу қаупі туындады. Нысан әкімшілігінің айтуынша, келушілер болған жоқ.

Дереу жедел штаб орналастырылып, өрт оқпандары енгізілді, аралас тәсілмен судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Полиция департаментінің қызметкерлері өрт болған жерді қоршауды ұйымдастырды.

Кез-келген минутта монша кешенінің жанында тұрған ағаш құрылыстары жануы мүмкін еді.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 77 адам, 19 бірлік техника, сондай-ақ қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырамыз.