Жедел ақпарат

Жедел ақпарат

2023 жылғы 25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданының Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шықты.

Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізуде.

Төтенше жағдайлар министрлігі Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Ол сауатты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есімізде қалады.

19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы Алматы облысының тумасы, 1993 жылы туған. Азаматтық қорғау органдарында 8 жылдан астам уақыт қызмет атқарады. Үйленген, 4 баласы бар.

ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына  жан-жақты көмек пен қолдау көрсететін болады.