2023 жылғы 19 желтоқсанда сағат 11.00-де «Атамекен» ҰКП алаңында (Астана қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 2/1, «ВСС Centre» бизнес орталығы) «Қауіпсіз жаңа жыл» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясына төтенше жағдайлар, ішкі істер, оқу-ағарту, мәдениет және спорт министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде қауіпсіздік қағидалары мен талаптарын сақтау болып табылады.
Осындай іс-шаралар барлық өңірлерде 20 желтоқсанда өткізілетін болады.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
60 09 75, + 7 777 115 38 84 телефондарына,
ps@emer.kz электрондық поштасына хабарласыңыздар