
«Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы Қарасай ауданындағы жатақханалар мен хостелдерде рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Бұл іс-шара бірінші кезекте өрттің алдын алу мақсатында бағытталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша, жатақханалар мен қонақ үйлерде іс-шаралар жүргізілді.
Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында Қарасай және Жамбыл аудандарының кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел өткізіліп, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мәселелері талқыланып, ұсыныстар берілді.
Алматы облысы ТЖД тұрғындарға жатақханалар мен хостелдерде де тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады:
- жатақханалар мен хостелдерде жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдармен қамтамасыз ету, өртті анықтаудың автоматты құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі (өрт крандары) және сыртқы (өрт сөндірушілер) жарамды жүйелерімен гидранттар) өртке қарсы сумен жабдықтарымен қаматамасыз ету қажет;
- жатақханалар мен хостелдерде эвакуациялау жоспарлары жасалады. Эвакуациялау жоспарлары әр қабатта ілінеді, қабаттан эвакуациялық шығу дәліздің арақашықтығы 20 метрден артық болмау қажет;
- жертөлелерді, шатырларды мақсатқа сай емес пайдалануға тыйым салынады;
- жоба бойынша көзделген эвакуациялық шығу есіктерін дәліздерден, залдардан, фойелерден, тамбурлар және баспалдақ торларынан алып тастауға қатаң тыйым салынады;
- есіктерді, люктерді, іргелес секцияларға өткелдерді және эвакуациялық баспалдақтарға шығуларды заттарды үйіп тастау өрескел қателік болып табылады;
- өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына өтетін жолдарды, қауіпсіздік және өрт сөндіру, сондай-ақ құтқару құралдарын бекіткіш орындарын бітеу және жабуға болмайды.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жатақханалардың, қонақ үйлер мен хостелдердің меншік иелерін, сондай-ақ оларда тұратын халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі