ТЖМ қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін профилактиканың әртүрлі тәсілдерін пайдаланады

ТЖМ қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін профилактиканың әртүрлі тәсілдерін пайдаланады

Халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру үшін ТЖ министрлігі барлық жерде жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ақпаратты әр азаматтың назарына жеткізу үшін профилактиканың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Мысалы, Ақмола облысының ТЖД тұрғындарға тұрмыста өрт көзіне айналған заттардың ерекше көрмесін өткізді, Шығыс Қазақстан облысының ТЖД ай сайынғы  2024 жылға арналған қауіпсіздік күнтізбесін жасады, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының ТЖД халық қауіпсіздігі мәдениетін арттыру бойынша тақырыптық бейімділікпен арнайы аялдамалар орнатты. Тұрғын үй секторында «өрт қауіпсіздігі сенбіліктері» белсенді өткізілуде.

Профилактикалық жұмыс автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайларға бейім тұрғын үйлерді қамтиды. Жалпы қызметкерлер  миллионнан астам тұрғын үй аулаларын аралап, екі миллионға жуық азаматқа нұсқау берді.

1 маусымнан бастап республика бойынша жергілікті атқарушы органдардың, бей-жай қарамайтын кәсіпкерлер мен волонтерлардың қолдауымен жеке тұрғын үйлерде 26 мыңнан астам табиғи, улы газ, түтінді анықтау датчигі орнатылды.

Жылыту маусымы басталғаннан бері (5 қазаннан бастап) барлық жерде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, тұрғын үй секторында 1 010 өрт болды, 50 адам қаза тапты, улы газбен улану салдарынан 18 адам қаза тапты.

Өрт салдарынан 29 адам жарақат алды, улы газбен улану салдарынан 34 адам жарақат алды.

ТЖМ еліміздің барлық тұрғындарына үйлеріңізде келеңсіздіктерді болдырмауға көмектесетін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:

- мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;

- ақауы бар жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;

- қуаты жоғары құрылғыларды бір уақытта қосу арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;

- балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдырмаңыздар.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстаныңыздар, сонда сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қаласыз!!!

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі