Азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыруға арналған жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыруға арналған жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгілік ережеге сәйкес).

Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.

Құжаттар 2023 жылғы 1 – 8 желтоқсан аралығында қабылданады.

Жұмыс тобының сандық құрамы 7 адам, оның ішінде 2-еуі – мемлекеттік органның өкілдері, 5-еуі – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (Қазақстан Республикасының азаматтары).

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1. Азаматтың жұмыс тобының құрамына кандидатурасын ұсыну туралы өтініші белгіленген нысанға сәйкес (1-қосымша);

2. Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер
(2-қосымша);

3. Коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы (3-қосымша);

4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын байқаушылардың дауыс беру құқығынсыз Жұмыс тобының отырыстарына қатыса алатынын назарыңызға саламыз.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген тұлға белгіленген нысанға сәйкес өтініш береді (4-қосымша).

Құжаттар erak-2007@mail.ru электронды поштасына жіберіледі.  

Анықтама телефоны: 8 777 079 10 41.

Азаматтың жұмыс тобының құрамына кандидатурасын ұсыну туралы өтініші

Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер

Коммерциялық емес ұйымның Жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы

Өтініш