ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында өңірлердегі ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханалары мен анықтау бөлімшелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары өтті.
Дәрістерді оқуға Сот сараптамалары орталығының сарапшылары, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, ІІМ Қарағанды академиясының оқытушылар құрамы, Бас прокуратураның, Адвокаттық қоғамдастықтың, Полиция және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінің өкілдері тартылды.
Өрт орнын зерттеуге және көміртегі тотығы газының көзін анықтауға қатысты дәрістер өткізілді.
Сонымен қатар өрт орнын зерттеуге және көміртегі тотығы көзін анықтауға арналған аспаптармен жұмыс істеуге қатысты практикалық сабақтар өткізілді.
Анықтау қызметкерлерімен бірлесіп «Өрт туралы іс» тақырыбында іскерлік ойын өткізілді. Зерттеу сынақ өрт зертханалары мен анықтау мамандары іс жүзінде нақты жағдайларға жақын тапсырмаларды орындады.
Сот сараптамалары орталығының сарапшылары Қостанай қаласындағы «Оружейная палата» қару-жарақ дүкеніндегі ірі және резонанстық өрттерді қарау және зерттеу кезінде тәжірибелерімен бөлісті, онда жарылыс салдарынан 11 адам зардап шегіп, олардың төртеуі қаза тапқан болатын.
Сабақ аяқталғаннан кейін қорытындылар шығарылып, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар табысталды.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті