Құтқарушы күні қарсаңында 2023 жылғы 18 қазанда Атырау қаласының №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін ерекше баспасөз туры өтті. Журналистер өрт сөндіру бөлімінің жұмыс күндерін өз көздерімен көрді.
Баспасөз туры барысында журналистер құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің техникалық жабдықтарымен және авариялық-құтқару құралдарымен танысып қана қоймай, қысқа уақытта осы рөлде бола алды.
Құтқарушылар оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілуді және жоғарғы қабаттан өзін-өзі құтқаруды көрсетті. Осыдан кейін кинологпен іздеу иттері тур қатысушыларына зардап шеккендерді іздеу тәсілдерін көрсетті. Өз кезегінде журналистер оқу мұнарасының екінші қабатына шабуыл сатысымен көтеріліп көрді.
Сонымен қатар, журналистерге өрт сөндіру автомобилінің құрылысы мен жасақталуы туралы айтылды. Содан кейін мұражайға экскурсия өтті.
Баспасөз туры аяқталғаннан кейін іс-шараның барлық қатысушылары өрт сөндіру бөлімінің фонында естелік суретке түсті. БАҚ өкілдері баспасөз туры барысында көптеген жарқын кадрларды «жинағанын», күні бойы жағымды эмоциялар мен әсер алғанын атап өтті.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы