
2023 жылғы 10 қазанда Түркістан облысы ТЖ департаментіне 26 бірлік өрт сөндіру автомобилі берілді.
Мерекелік іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Амангелдіұлы қатысты.
Жаңа техника республикалық және жергілікті бюджет есебінен алынды.
Соңғы бес жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайту мақсатында бюджеттен 67 бірлік техника алынды.
Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға көмектеседі.