Игі істер марафоны

Игі істер марафоны

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті полиция қызметінің, әкімдіктің және еріктілер ұйымдарының қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді.

Сенбілік аясында электрмен жабдықтау жылыту жүйелеріне жөндеу жүргізу бойынша «Көмек қолы» акциясы өткізілді. Оның ішінде мұржаларды тазалау, пешке дейінгі парақтарды орнату, жалғызбасты қарт зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар сияқты халықтың еңбекке жарамсыз тобының тұрғын үйлеріндегі жарықтарды жабу.

Шатырға көтеріліп, өрт сөндірушілер пештің мұржасын тазалап, пешке дейінгі парақты орнатты. Көмір пеш орналасқан ас үй бөлмесінде құтқарушылар көміртегі тотығынан қорғау датчигін орнатты.  

Адамдардың қаза болуын және жарақаттануын болдырмау мақсатында тұрғындармен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сонымен қатар балалардың сіріңкемен ойнаудағы абайсыздығы, жадынамалар мен ұсыныс түбіртектерін тарату бойынша әңгімелер өткізілді.

Тұрғын үй секторын аулалық аралаумен 5103 үй қамтылды, оның барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының 121 бұзушылығы анықталып, оларды жою ұсынылды. 

Сонымен қатар «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі» сенбілігін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында облыс аумағында 8 «Көмек қолы» акциясы өткізіліп, ХӘОТ отбасыларында 12 көміртегі тотығы мен түтін газының датчигі орнатылды, 14 түтін мұржасы тазартылды, 4 үйде пешті жылыту жөнделді.

Аталған іс – шараларға ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және еріктілерден тұратын барлығы 160 жуық адам жұмылдырылды.

Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу бойынша жұмыс күнделікті негізде жүргізіледі және Департаменттің тұрақты бақылауында болады.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі