
Бостандық ауданындағы «Терракота» 18-қабатты тұрғын үй кешені аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу мазмұны бойынша 5-қабатта пәтер жануының орын алды. Улы түтін тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарына тез таралды.
Өртті бесінші қабаттың тұрғындары анықтап, қатты түтін туралы 101 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлап, «101» қызметінің диспетчерлік құрамымен оқиға орнына автоматты түрде ТЖД күштері мен құралдарын жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілдіді, электр желі мамандары тоқ көздерін электрқуатынан ажыратып тастады
Шақырту орнына жеткен сәтте өртті сөндірудің бөлімшесінің бірінші басшысы барлау жүргізу барысында , адамдар үрейге бой беріп, тұрғын үйдің барлық жағынан жоғарғы қабаттардан көмек сұрап тұрғанын анықтады. Өрт қаупі жағдайды бағалай отырып, сөндіру басшысы тұрғындар арасында дүрбелең болдырмау мақсатында алдын алу шараларын қабылдады, дауыс зорайтқыш құрылғылар іске қосылып, полиция қызметкерлері тұрғын үйдің периметрін қоршап алды. Көпқабатты үйдің оңтүстік және шығыс жағынан өрт сөндіру автосатылары орналастырылып, құтқару қалпақтарымен жабдықталған 2 іздестіру-құтқару тобы құрылды, "Өмір кубы" секіру - құтқару құрылғысы орнатылып, тұрғындарды жоғарғы қабаттардан құтқару үшін 3 иінді өрт- баспалдатары орнатылды.
Сонымен қатар, шығу кестесіне сәйкес шақырту орнына ең биіктігі 91 метр құрайтын автоматикалық телескопикалық көтергіш келеді. Бұл техника кез-келген ғимараттың 30 қабатынан зардап шеккен адамды құтқаруға қабілетті. Атап өту қажет қаланың барлық аудандарындағы әрбір өрт сөндіру бекетінде жұмыс биіктігі кемінде 32 метр құрайтын (10-қабат) автосатырлар болады. Барлық баспалдақтар заманауи, компьютерленген "құтқару бесігі" тартылатын механизмдері болып табылады
Атап өту қажет, өрт сөндіру авто сатыларының өтуіне тұрғындардың жеке автокөліктер кедергі келтірді, жол жүру орны дереу эвакуаторлармен тазартылды.
Шартты өрт аумағында орнында өрт сөндірудің жедел штабы ашылды, тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, адамдарды құтқару және өртті сөндіру бойынша учаскелер құрылды
20 қабатты кешеннің тұрғындары үшін қауіпсіздік бойынша мастер-класс ұйымдастырылды-құтқарушылар есіктерді гидравликалық құралдармен қалай ашатынын, лэд экрандарының мониторлары оқыту бейне нұсқаулықтарын көрсетті.
Сонымен қатар, балаларға ерекше көңіл бөлінді. ТЖМ қызметкерлері оларды өздерінің техникалары мен жабдықтарымен таныстырды. Балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жабдықтарын сынап қана қоймай, қауіпсіздік викторинасына да қатысты. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар мен тәтті тағамдар табысталды.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі