Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Аманбаев Марғұлан Топашұлы Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Марғұлан Аманбаев 1973 жылы Қарағанды облысы Жаңа-Арқа ауданының Дружба ауылында дүниеге келді.
Жезқазған тау-техникалық институты мен ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «өндірістік және азаматтық құрылыс» және «өрт қауіпсіздігі»мамандықтары бойынша аяқтады.
Азаматтық қорғау органдарында 2000 жылдан бастап қызмет атқарады.
М.Т. Аманбаев осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.