Маңғыстау құтқарушыларына 31 бірлік арнайы техниканың кілттері табысталды

Маңғыстау құтқарушыларына 31 бірлік арнайы техниканың кілттері табысталды

 

2023 жылдың 20 қыркүйегінде 31 жаңа автокөліктің кілтін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов пен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев табыстады.

Жаңа арнайы техниканы тапсыра отырып, ТЖ министрі Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларына кәсіби қызметте табыс тіледі және өрт техникасын жаңарту олардың жұмысының сапасы мен нәтижелілігіне сөзсіз әсер ететінін атап өтті.

Бүгін ТЖД автопаркі 16 негізгі бірлікпен, 7 арнайы бірлікпен және 8 қосалқы машинамен толықтырылды. 29 бірлік техника "Өнеркәсіпті дамытуң қоры" АҚ қаржы лизингі есебінен және 2 бірлік техника жергілікті бюджеттен сатып алынды.

Жаңа құтқару техникасы ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрттерді ойдағыдай жоюға және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

 

 

Мағыстау облысының ТЖД баспасөз қызметі