Өрттің алдын алу үшін - қырағылықты күшейту қажет!

Өрттің алдын алу үшін - қырағылықты күшейту қажет!

Жамбыл облысының аумағында 31 тамыздағы тәулік ішінде, яғни таңғы сағат 8-ден 2023 жылғы 1 қыркүйек сағат 8.00-ге дейінгі аралықта облыстық ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының "101" телефонына сағат 17.59-да "Самал" (7) шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінің пәтерінде өрт шыққандығы туралы қоңырау түсті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер өртті сөндіру бойынша тиісті әрекеттер атқарды. Шақырту орнына жедел жеткен бөлімшелер өртті 23 минутта жойды. Сондай-ақ, өрт орнына жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де жедел шыққандығын атап өткен жөн. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 30 адам оның ішінде 13-і бала  қауіпсіз жерге көшірілді.. Өрттен бірінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтер, сондай-ақ ломбард пен киім дүкенінің төбесі зақымдалды. Өрт барысында 1955 жылы туылған азаматша  пәтер ішінде түтіннен улану жағдайымен көп бейінді қалалық ауруханаға жөнелтілді. 

Сонымен қатар, аталған тәулік ішінде өрт сөндірушілер Жуалы ауданының Қарасаз және Жұрымбай ауылдарындағы үш тұрғынүйдің аумақтарындағы шөпханадағы өрттерді сөндірді.  Алайда, өрт салдарынан 73 тонна шөп жойылды.

Айта кеткен жөн, өткен тәулікте облыстың өрт сөндіруші-құтқарушылары қураған шөп пен қоқыстардың жану оқиғаларына – 2 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 1 рет, есіктерді ашу жұмыстарына – 2 рет жедел шықты.

Осыған байланысты Жамбыл облысының ТЖ департаменті облыс пен қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және төтенше жағдайларға жол бермеуге шақырады. Өрт немесе төтенше жағдай туындағанда шұғыл түрде "101" және "112" телефон нөмірлеріне қоңырау шалуды еске салады.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің  Қоғаммен байланыс тобы