АНОНС Астанада көп қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі

АНОНС Астанада көп қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі

2023 жылғы 25 тамызда Астана қаласында Абай даңғылындағы көпқабатты үйдің тұрғындарын тарта отырып, өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту. Өйткені төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың дұрыс іс-әрекеттері олардағы адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуда үлкен маңызға ие.

Өрт сөндірушілер-құтқарушылар адамдарды құтқаруға және эвакуациялауға арналған барлық қолда бар құралдарды пайдалана отырып, көпқабатты үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын әзірлейді.

Көпқабатты үйлердің тұрғындарын қамтитын осындай жаттығулар еліміздің барлық аймақтарында өтеді.

Оқу-жаттығудың басталуы сағат 18:00-де.

 

 

Қатысуды растау үшін

ТЖМ баспасөз қызметіне

тел. +7 700 555 9348, 600975

бойынша хабарласыңыздар