
2023 жылғы 23 тамызда түңгі сағат 23:33-те «101» пультіне Бостандық ауданы Көктем-2, төрт қабатты көппәтерлі үйде өрт туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің бірнеше бөлімшелері, соның ішінде 32- метрлік өрт сөндіру автосатысы бірден жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жеткен сәтте үй баспалдақ алаңдарында қатты түтін анықталды, адамдарға демалуға мүмкіндік болмай , түтін төменгі қабаттағы пәтерлерге дейін жетті.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары 20 адамды эвакуациялап, өздігінен жүре алмаған бір тұрғынды құтқарды,
Өрт ошағы жертөледе, онда тұрмыстық қоқыс жанды. Өрт сағат 23:49-да сөндірілді.
Құрметті көппәтерлі үйлердің тұрғындары, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жертөледе қоқыс жинауға тиым салынған! Жертөлеге бөгде адамдардың кірмеуі үшін жертөле және шатыр үй-жайлары құлыпқа жабылып, ақпараттық көрсеткіш орнатылуы тиіс (осы үй-жайдың кілті бар адамның ұялы телефоны, басқа байланыс деректері)
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі