Алматы Мемлекеттік табиғи қорығының шалғай таулы аймағында шымтезек тұтануы сөндірілді

Алматы Мемлекеттік табиғи қорығының шалғай таулы аймағында шымтезек тұтануы сөндірілді

Өрт сөндірушілердің қабылданған шараларының нәтижесінде Алматы Мемлекеттік табиғи қорығының шалғайдағы таулы жерінде шымтезектің жануы 2023 жылдың 23 тамызда сағат 16:43-те толықтай сөндірілді.

Қорықтың 7-орамының 18-ші ауданында, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте аздаған түтін шықаны туралы хабарландыру Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне 2023 жылдың 22 тамызында сағат 20:30-да келіп түсті.

Таңертең түтіннің пайда болу себебін анықтау және одан әрі өрттің алдын алу үшін «Қазавиаорманкүзеті» РМҚК 5 қызметкерінен тұратын топ жаяу жіберілді. Оқиға орны жетуі қиын жерде болғандықтан, топ жану орнына 5 сағаттан кейін жетті.

Оқиға орнына келгеннен кейін Қазавиаорманкүзетінің қызметкерлері алдын ала ақпарат бойынша 0,04 шаршы метр алаңда шымтезек жанғанын анықтады (7 шырша өртенген).

Шымтезек бықсып жанған жер таудың төбесіндегі жетуі қиын аумақта орналасқандықтан оны сөндіру қиындық туғызды.

«Қазавиақұтқару» АҚ бортының көмегімен шымтезекті сөндіру үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің арасынан аспалы құрал-жабдықтармен жарақталған
десанттық жасақ жіберілді.

Аспалы өрт сөндіргіштерді сумен қайта толтыру үшін Қазавиақұтқару әуе кемесін пайдалана отырып, жетуі қиын таулы жерге су жеткізілді (көлемі 1 тонна).

Ең жақын елді мекен Талғар қаласына дейінгі қашықтық 15 километрді құрайды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Орман алқабы мен жануарлар әлемі зардап шеккен жоқ.

Таулы жерлерде өрт ошағын сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, "Қазавиаорманкүзеті" РМҚК, Алатау мемлекеттік табиғи қорығы мен Қазавиақұтқарудан 35 қызметкер және 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазавиаорманкүзетінің қызметкерлері өрт орнын қарауылдауды жүзеге асыруда.



Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі