2023 жылғы 21 тамызда сағат 17:05-те Қараменді ауылынан 10 км жерде Бишағаш орман шаруашылығы аумағында құрғақ шөп жанып, өрт алдын ала болжам бойынша 50 га аумақтағы орман аймағына таралды, өрт төменгі жақта орын алды. Өртті сөндіруге 74 адам, 26 бірлік техника, бір тікұшақ жұмылдырылды.
Сағат 18:29 - да Қарамейші бөлімшесінен 20 км. жердегі Бишағаш орман шаруашылығы аумағында құрғақ шөп пен жеке тұрған ағаштардың жануы орын алды - өрт алаңы белгіленуде. Жер бедері батпақты, өртті сөндіру жаяу тәртіппен жүзеге асырылуда. Өртті сөндіруге ТЖД, "НМТҚ" РММ 11 адамы, 3 техникасы жұмылдырылды.
Сағат 17:24-те Шолақсай ауылынан 15 км. жердегі Науырзым орман шаруашылығының аумағында "Сарымойын" көлінің айналасында алдын ала болжам бойынша 10 га алаңда құрғақ шөп пен қамыстың жануы орын алды. Өртті сөндіруге "НМТҚ" РММ, ЖАО 18 адамы, 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Сағат 22:00-де Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе облыстарының ТЖД-нен қосымша 115 адам және 23 бірлік техника тартылды.
22 тамызда сағат 07:00-де "Қазавиақұтқару" АҚ мен Қорғаныс министрлігінің 2 бірлік тікұшақ техникасының ұшуы жоспарлануда.
Өрт орнынан 30 км қашықтықта су алу үшін "Жаркөл" көлі бар.
Сағат 22.00 -дегі жағдай бойынша өрт орнында ауа температурасы 28 С, солтүстік-батыс бағытта соққан желдің жылдамдығы 4-5 м/с.