
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу мазмұны бойынша Нұркент ықшам ауданындағы 14 қабатты тұрғын үй аумағында электр кабельдерінің ақаулығына байланысты 5-қабатта кабель шахтасының өрттің таралынуымен қысқа тұйықталу орын алды. Улы түтін «Атлетикалық ауыл» тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттарына тез таралды.
Өртті 5-ші қабаттың тұрғыны анықтап, қатты түтін туралы 101 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметке хабарлап, «101» қызметінің диспетчерлік құрамымен оқиға орнына автоматты түрде ТЖД күштері мен құралдарын жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберді
Шақыру орнына жеткен сәтте өртті сөндірудің бөлімшесінің бірінші басшысы барлау жүргізу барысында , адамдар үрейге бой беріп, тұрғын үйдің барлық жағынан жоғарғы қабаттардан көмек сұрап тұрғанын анықтады. Өрт қаупі жағдайды бағалай отырып, сөндіру басшысы тұрғындар арасында дүрбелең болдырмау мақсатында алдын алу шараларын қабылдады, дауыс зорайтқыш құрылғылар іске қосылып, полиция қызметкерлері тұрғын үйдің периметрін қоршап алды. Көпқабатты үйдің оңтүстік және шығыс жағынан өрт сөндіру автосатылары орналастырылып, құтқару қалпақтарымен жабдықталған 2 іздестіру-құтқару тобы құрылды, «Өмір кубы» секіру - құтқару құрылғысы орнатылып, тұрғындарды жоғарғы қабаттардан құтқару үшін 3 иінді өрт- баспалдатары орнатылды.
Сонымен қатар, шығу кестесіне сәйкес шақырту орнына көп мақсатты өрт сөндіруші көлік келіп жетеді. Ол жабық кеңістіктердегі өртті тиімді сөндіруге қабілетті, өрт сөндіру қондырғысы арқылы температурамен белсендіріп физикалық қасиеттері бар қыздырылған су беру тәсілімен пайдаланды. Өрт сөндіру бөлімінің бастығына 7-қабаттағы жанып жатқан кабельдік шахтаны сөндіруге «ТАВ» оқпандарын беру және адамдарды құтқару үшін шығыс жағындағы 3-қабаттың терезесіне үш иінді баспалдақты орнату командасы берілді.
Бір мезгілде адамдарды биік техниканың және өмір кубы арқылы жоғарғы қабаттардың терезелерінен құтқару жүргізіліп, тұрғындар құтқару қалпақтарының көмегімен таза ауаға аман-есен шығарылды.
Кенеттен 8 қабатты пәтерлердің бірінде батыс жағында тұрғынның қалғаны туралы ақпарат түсті. № 6 мамандандырылған газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны дереу пәтерге кіріп, құтқару арқанын қолданып, зардап шеккен адамды түсірді. Ол жерде Апаттар медицинасы орталығының медициналық қызметі күтіп тұрды.
Өрт сөндіру авто сатыларының өтуіне тұрғындардың жеке автокөліктер кедергі келтіргенін, жол жүру орны дереу эвакуаторлармен тазартылғанын атап өткен жөн.
Есіңізге сақтаңыздар: көпқабатты үйлердің жанында машиналарды қалдырған адамдар өрт сөндірушілер мен дәрігерлердің өмірін сақтап қалуына кедергі келтіреді!
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі