Тараз қаласында қарттар үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Тараз қаласында қарттар үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

2023 жылғы 17 тамызда Тараз қаласындағы №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Аталған оқу-жаттығуға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, Апаттар медицинасы орталығы, Жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. Осы оқу-жаттығудың ұйымдастырылуына және өткізілуіне қызмет бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Жақсылық Жарылқасынұлы Бекбергенов жетекшілік етті. 

Оқу-жаттығу жоспары бойынша шартты өрт аталған мекеме аумағында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы салдарынан орын алды. «101» қызметіне жедел хабарласқан мекеме қызметкерлері, өрт сөндіруші-құтқарушылар келіп жеткенге дейін алғашқы өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген. Осы мекемеде 110 қызмет көрсетуші персонал және 120 қарт адам бар екенін атап өткен жөн. Олардың ішінде 42 адам өздігінен жүре алмайтын мүгедек жандар. Шақырту орнына жедел жеткен күштер мен құралдар шартты өртті дер кезінде сөндіріп, қызыл жалынның одан әрі таралуының алдын алды. Құтқарушылар оқиға орнынан 4 адамды құтқарып, 80 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Ал зардап шеккендерге медициналық қызметкерлермен алғашқы дәрігерге дейін көмек көрсетілді.  Шартты өрттің ауданы 50 шаршы метрді құрады.

Құрметті облыс және қала тұрғындары Жамбыл облысы ТЖД өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда 101 және 112 телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізге жүзеге асырылатындығын ескертеді.  

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

Қоғаммен байланыс тобы