
Оқу-жаттығуға 11 бірлік техника мен жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды. Тұрғындарды эвакуациялау нұсқаулары, адамдар көп орналасқан көп қабатты үйде өрт орын алған кездегі іс-қимыл тәртібі пысықталды, жедел штаб құрылды. Тұрғындармен өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мен профилактикалық әңгіме жүргізілді, жадынамалар таратылды.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері практикалық дағдыларды, тұрғындармен өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтады.
Бұл жай ғана оқу сабақтары емес, төтенше жағдайларда адам өмірін сақтап қалатын дағдыларды үйренудің нақты мүмкіндігі. Кәсіби мамандар командасы өрт кезіндегі іс-әрекеттерді, эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыруды және тұрғындар үшін қауіп-қатерді азайтуды көрсетті.
Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы