Мүгедектерге арналған оңалту орталығында оқу-жаттығу өткізілді

Мүгедектерге арналған оңалту орталығында оқу-жаттығу өткізілді

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды құтқару, эвакуациялау, жеке құрамның дағдыларын пысықтау,  лауазымды адамдардың басқарушылық қабілетін шыңдау, шұғыл қызметтердің іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Аталмыш оқу-жаттығу 2023 жылғы 11 тамызда Қызылорда қаласының Талсуат елді мекеніндегі Орынбор көшесі №3 мекенжайда орналасқан Мүгедектерге арналған оңалту орталығында өткізілді. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінен 42 қызметкер мен 8 техника, жергілікті полиция, жедел жәрдем бригадасы, қалалық төтенше жағдайлар бөлімі, қалалық авариялық қызметтер  жұмылдырылды.

Оқу-жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес 6 адам, оның ішінде 4 мүмкіндігі шектеулі азамат, 2 қызметкер құтқарылып, 70 мүмкіндігі шектеулі адам эвакуацияланды.

Жаттығу соңында Қызылорда облысы ТЖД  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ә. Баекеев  өрт-тактикалық оқу-жаттығуға  өз бағасын беріп, нысан басшысына анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді тапсырды.

 

Қызылорда облысы ТЖД

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметі» ММ