
2023 жылғы 12 тамызда сағат 07:16-да Алматы қаласы ТЖД 101 пультіне Алматы қаласы Жетісу ауданындағы өрт туралы хабарлаима келіп түсті. Оқиға орнына дереу күштер мен құралдар шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жіберілді.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минута келіп жеткен кезде Москвин көшесінде (алдын ала ақпарат бойынша кеңсе заттары, керек-жарақтар, ұялы телефон) заттар сақталған қоймалар ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтады.
Оқиға орнында жедел штаб, бірнеше өрт сөндіру учаскелері құрылды.
Жоғары жанғыштығы бар уақытша блок - контейнерлермен өртке қарсы алшақтықтың тығыз орнаталу өртті сөндіруді қиындатты. Жоғары температура салдарынан темірбетон плиталары құлады. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеді.
Тауарлы-материалдық құндылықтары бар көрші қоймаларға өрттің алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде, көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар берілді.
Өрт сөндірушілер Алматыдағы қоймалардағы күрделі өртті сағат 9.45-те оқшаулап, сағат 12.22-де сөндірді.
Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары - 50 техника, 200 - ден астам адам, әкім аппаратының 109 құтқару қызметі, Алматы Су-Алматы тазалық су тасығыштары жұмылдырылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер 8 контейнер мен периметрі бойымен іргелес орналасқан 15 контейнерді және мыңнан астам шаршы метр аумақтағы жақын маңда орналасқан тауарлы-материалдық құндылықтар сақталған қоймаларды өрттен аман алып қалды.
Периметрі бойымен құқықтық тәртіпті ұйымдастыру үшін Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жеке құрамнан 169 адам, 29 бірлік техника, Ұлттық ұланның 150 қызметкер өрт орнын қоршауға алды.
Алматы қаласы ТЖД азаматтар мен кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі