Полиция қызметкері мен көрші өртті сөндіруге көмектесті

Полиция қызметкері мен көрші өртті сөндіруге көмектесті

Өскеменде Виноградов көшесіндегі 9-қабаттағы пәтердің балконында өрт шықты. Жақын жерде полиция қызметкері Жандос Рахметұлы мен көрші тұратын ер адам Думан Рахымбаев абдырап қалмай, көмекке жүгірді. Олар пәтерге кірген кезде есікті  үйде жалғыз отырған 8 жасар бала ашқан.  Думан мен Жандос өртті сөндіре бастап, өрт сөндірушілерді шақырды. Шақыру орнына келген ШҚО ТЖД құтқарушылары 4 шаршы метр алаңда орын алған  өртті сөндірді.

ШҚО ТЖД мамандарының алдын ала нұсқасы бойынша өрттің себебі электр жабдығы - кондиционерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болды.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД жеке құрамынан 22 адам мен  7 бірлік техника мен жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады:

- үйден шыққан кезде электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыздар;

- желіні шамадан тыс жүктемеңіздер, бір розеткаға бірден бірнеше электр құрылғыларын қоспаңыздар;

- пәтерлердің балкондарында жанғыш материалдарды сақтауға жол бермеңіздер.

Өрт болған кезде дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыздар.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі