Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттің басқа ғимараттар мен үйлерге таралуына жол бермеді

Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттің басқа ғимараттар мен үйлерге таралуына жол бермеді

2023 жылғы 7 тамыз күні сағат 12:16-да  112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан Alefun мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

№ 2 шақырту рангі жарияланды.

Өртті сөндіруге 48 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Шақырту орнына барған кезде мейрамхананың шатыры өртеніп жатқаны  анықталды.

Өрт сөндірушілер өрттің басқа ғимараттар мен үйлерге таралуына жол бермеді.

Мейрамхана жанында орналасқан  балабақшадан 40 адам, оның ішінде 35 бала эвуакацияланды.

Өрттің аумағы 280 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сағат 13:06-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі