
2023 жылғы 6 тамызда сағат 20:48-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Есік қаласында Алматы көшесінің бойында орналасқан «Алма» сауда үйінің маңындағы дөнер дайындайтын жерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына сағат 20:55-де келген бойда, дөнер дайындайтын жердің жанып жатқаны, өрттің сауда үйіне таралу қаупі бар екені анықталды.
Қолданылған іс-шаралармен өрт оқшауланып, сағат 21:50-де сөндірілді.
Бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Дамир Асқарұлы Еркіновөз өмірін қатерге тігіп, оқиға орнынан 2 жиырма бес литрлік газ баллондды көшеге алып шықты.
Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 7 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі