Спасатели области Ұлытау провели разъяснительную работу

Спасатели области Ұлытау провели разъяснительную работу

Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі, «Сәтбаев қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ және Жастар ресурстық орталығынмен бірлесіп, автогаз құю станцияларында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Сәтбаев қаласының әкімшілік аумағында орналасқан автогаз құю станциялары қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді және автогаз құю   станцияларына тұрмыстық газ баллондарын қолдану ережелері және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері тақырыбындағы плакаттар ілінді. Атқарылған іс-шара жергілікті «Aqsham» телеарнасын тарту арқылы жүргізілді.

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтары өрттердің алдын алу  мақсатында ТЖ департаменті ескертеді:

- есіңізде болсын, ауамен араласқан газдың жарылу қаупі жоғары болады;

- тұрмыстық газ баллондар мен газ қондырғыларын тек сатылатын өнімге сертификаттары бар мамандандырылған ұйымдардан сатып алыңыздар;

- ешқашан газ құрылғыларын, соның ішінде газ баллондарын күмәнді сатушылардан, былайша айтқанда «қолдан» сатып алмаңыздар;

- егер газ жабдығының ақауы болса немесе газ иісі болса, құрылғыны пайдалануды дереу тоқтатып, пештегі крандар мен цилиндрдегі клапанды немесе редуктордағы жалаушаны жауып, төтенше жағдай қызметіне қонырау шалыңыздар;

- бөлмені жақсылап желдетіңіздер. Осы уақытта ашық отты пайдаланбаңыздар, электр құрылғылары мен электр шамдарын қоспаңыздар және өшірмеңіздер;

- жанар-жағар май бекеттерінде газ баллонды толтыруға болмайды.

 

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі