Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде.
ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруде жан-жақты көмек көрсетуде.
Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.
Сөндіру жұмыстары басталғалы Казавиаорманкүзетінің авиациясы өрт ошақтарына әуеден 18 рет 27-ге жуық тонна су төкті. Қазавиаорманкүзеті авиациясымен қатар, өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы да жұмылдырылды.
Казавиаорманкүзетінің , жергілікті атқарушы органдардың және Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдарынан 270 адам, 36 бірлік техника, авиация өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі