Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен дөңгелек үстел

Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен дөңгелек үстел

Әулиекөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалында ауыл шаруашылығы өндірушілерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оның барысында егін жинау және ірі жемшөп жинау кезеңінде өрттің алдын алу үшін қандай өртке қарсы іс шаралар жүргізу керектігін еске салды:

- ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары басшыларына өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындап, механизаторлармен өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтарын өткізіп, және қоймашылармен астық жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларына бақылауды ұйымдастыру;

- астық жинайтын машиналар және тракторлардың егін алқаптарына және шабындыққа шығуының алдында оларды дұрыс ұшқын басқышпен, өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау;

- астықтың пісіп жетілуі және жинау кезеңінде алқаптарды күзету үшін барлаушы және егін қорықшысын белгілеу;

- астық алқаптары орман алқаптарына, дала белдеуіне, жүк көлігі жүретін және темір жолдарға жақын орналасқан жерлерде шабылып, жолақпен жыртылуы тиіс (ені 4 метрден кем емес).

- егін жинау кезінде өсімдік сабақтарын жағуға тыйым салынады, егіс қалдықтарын жинау және өрістерде от жағу.

Масақты дақылдарды жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау кезінде астық алқаптарында өрттің пайда болу мүмкіндігін толығымен болдырмауға болады.

Нан - бұл біздің Республиканың байлығы, сондықтан біз байлығымызды сақтаумыз және көбейтуіміз қажет.

 

Қостанай облысының ТЖД Әулиекөл ауданының
Төтенше жағдайлар бөлімі