2023 жылғы 30 шілдеде Ұлытау облысы ТЖД кезекші қызметіне Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түсті.
Өрттің алдын ала аумағы 2000 гектарды құрайды.
Өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы құралымдар мен Ұлытау облысы ТЖД 42 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылуда.
Елді мекенге қауіп-қатер жоқ.
Ұлытау облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі