ШҚО - да өрт қауіпсіздігі жағдайы ерекше бақылауда

ШҚО - да өрт қауіпсіздігі жағдайы ерекше бақылауда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 45 өрт тіркелгенін хабарлады. Олардың негізгі себебі-найзағай және қолайсыз ауа-райы жағдайлары деп атап өтті.

«Облыста орман шаруашылығын жүргізу үшін комитетке ведомстволық бағынысты 3 ерекше қорғалатын табиғи аумақ және орман шаруашылығының 13 коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді, олардың негізгі міндеттері ормандарды өрттен және өз бетінше кесуден қорғау, ормандарды қалпына келтіру және орманды қорғау шаралары. Комитеттің бұйрығына сәйкес өрт қауіпті кезең 5 сәуірден басталды», - деп Арман Есентаев айтты.

Ол да барлық орман мекемелерінде және басқармада демалыс және мереке күндері кезекшілік ұйымдастырылғанын айтты. Ормандарды өрттен қорғауды және оларды анықтау бойынша мемлекеттік орман күзетінің және орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 1077-ден астам адам жүргізеді.

«160 бірлік өртке қарсы техника және 3000-нан астам  бірлік өртке қарсы құрал-жабдық дайындықта тұр. Орман қорында авиатасымалдауды "Қазавиақорғау" жүзеге асырады, 4 бірлік МИ-2 – 2 бірлік, МИ-8 – 1 бірлік, АН-2 – 1 бірлік, 3 бақылаушы ұшқыш және 16 өрт сөндіруші-десантшы жұмылдырылады»,-деп спикер атап өтті.

Бұдан басқа, облыстың орман және дала аймағындағы ықтимал өрттерден халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін қорғау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді, ол орман және дала өрттерінің уақтылы алдын алу, анықтау және жою жөніндегі іс-қимыл алгоритмі бойынша жүзеге асады.

«ТЖД табиғи өрттерінің алдын алу және сөндіру мақсатында ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Төтенше жағдайға уақтылы ден қою және табиғи өрттерді жою кезінде тиімділікті арттыру мақсатында аудан әкімдіктері 44 өрт сөндіру бекетін құрды. Жалпы саны 935 адамнан тұратын 114 ерікті өртке қарсы құрылым бар, 28 бірлік өрт сөндірушімен және 145 бірлік бейімделген техникамен жарақтандырылған», - деп ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Азамат Құмарбеков айтты.

ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Ердос Үмітов орман өрттеріне көп жағдайда адамдар екенін атап өтті.

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі