
2023 жылғы 25 шілдеде сағат 15:55-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға шықты.
6 минуттан кейін шақыру орнына кезекші қарауыл келді. Онда 30 шаршы метр аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 16.28-де оқшауланып, сағат 16.44-те сөндірілді.
Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1996 жылы туған пәтер иесі ер адамды құтқарды.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамнан 22 адам және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі