
2023 жылғы 24 шілдеде Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында өндірістік аймағындағы «Анненский» кеніші нысанында Ұлытау облысының өртке қарсы қызметі және «АСС Серіктес» ЖШС қызметкерлері күндізгі уақытта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығу шартына сәйкес аталмыш «Анненский» кеніші нысанында өрт оқиғасы орын алып, өрттің қою түтіні барлық ғимаратқа таралып кеніші қызметкерлерінің денсаулығына қауіп төндірді. Осы оқиғаға байланысты нысан ішіндегі кезекші «101» нөмеріне – қаланың өрт сөндіру бөліміне хабарлады. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетті. Өткізілген оқу-жаттығудың мақсаты: Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінің күш-құралдарының нысанның күзет қызметімен бірге жедел әрекет етуін пысықтау, адамдарды ережеге сәйкес эвакуациялау және құтқару болып табылады.
Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды. Өрт тактикалық жаттығу кезінде барлығы нұсқаулыққа сай тиімді және жедел әрекет етті.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі