Соңғы үш тәулікте бөлімшелердің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 54 шақыртуға шықты

Соңғы үш тәулікте бөлімшелердің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 54 шақыртуға шықты

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары соңғы үш тәулікте әртүрлі сипаттағы 54 шақыртуға шықты. Ыстық ауа-райына байланысты көбінесе өрт сөндірушілер құраған шөп пен қоқыстардың жануына шығуда. Одан әрі, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары күн сайын есіктерді ашу жағдайларына шығады.

Мысалы, 2023 жылғы 22 шілдеде сағат 18:07-де Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғын үй ауласында шөп пен жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына №15 өрт сөндіру бөлімінің, сондай-ақ Масанчи ауылдық округінің өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Келген күштер мен құралдар бір сағат ішінде өртті сөндірді. Өрт салдарынан 500 түк шөп пен жеңіл автокөлік жанып кетті. Өрттің көлемі 100 шаршы метрді құрады.

Сол күні сағат 18:27-де Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округінің маңында қураған шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 13 бірлік техника мен 49 адам жіберілді. Жалпы күштер өрт таңғы сағат 06:50-де  толық сөндірілді. Өрттің көлемі 45 га құрады.

2023 жылғы 23 шілдеде сағат 15:22-де Тараз қаласының Наманганская көшесіндегі тұрғын үйде орын алған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары жіберілді (5 бірлік техника және жеке құрамның 17 адамы). Жедел келген өрт сөндірушілер өртті бір сағат ішінде сөндірді. Өрттің ауданы 100 шаршы метрді құрады.

Жоғарыда аталған оқиғалардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ. Барлық оқиғалар бойынша себептері мен келтірілген залалдар анықталуда.

Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары күн сайын өрт қауіпсіздігі ережелері мен суда жүзу ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде екендігін атап өткен жөн.

Осыған байланысты, облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды, ал үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көздерінен ажыратуды, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Сонымен қатар, шомылу маусымының басталуына байланысты тұрғындардың назарын сақтық шараларын сақтауға және су көздеріне жақын маңда балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алуды сұраймыз.  Өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған кезде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын "101", "112" телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажет екенін еске саламыз.

 

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі