Қарағанды облысының Шет ауданындағы табиғи өрт оқшауланды

Қарағанды облысының Шет ауданындағы табиғи өрт оқшауланды

2023 жылғы 21 шілде күні сағат 14:00-де Шет ауданы аумағындағы табиғи өрт ошағы оқшауланды.  Алдын ала жалпы ауданы 1872 га құрайды, оның 167,7 га аумағы «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының» аумағы. Су төгу және қарауылдау жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіруге Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаментінен, Ақтоғай және Қарағанды ​​орман шаруашылықтарынан, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан және жергілікті атқарушы органдардан 110 адам мен 30 бірлік техника жұмылдырылды.

Еске салайық, 14 шілдеде Қарағанды ​​облысы Талды ауылдық округінің Қотыртау тау жотасының аумағында табиғи өрт орын алды. Кейіннен өрттің «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ аумағына өтуімен құрғақ шөптің жануы орын алды. Өртті сөндіру күрделі таулы жермен, қураған ағаштың болуымен, ауа температурасының жоғарылауымен және қатты желмен қиындады.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі