Шет ауданындағы табиғи өрт: ашық жану ошақтары жоқ

Шет ауданындағы табиғи өрт: ашық жану ошақтары жоқ

Қарағанды облысының Шет ауданындағы тау жотасының аумағында табиғи өртті сөндіруге 168 адам және 34 бірлік техника жұмылдырылды.

Қабылданған шаралармен жағдай тұрақтандырылды. Жұмыстар бір өрт ошағында жүргізілуде, ашық жану ошағы жоқ. Суару жұмыстары және қарауыл жүргізілуде.

Алдын ала деректер бойынша өрттің ауданы 870 га құрайды (аэровизуалды зерттеу деректері бойынша белгіленген), оның ішінде 116,143 га «Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» КММ аумағында.

Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында: Бұқар-Жырау ауданында Үштөбе ауылдық округінде 15 га алаңда және Ақтоғай ауданында Шабанбай би ауылдық округінде 10 га алаңда құрғақ шөптің екі дала жануы сөндірілді.

Ақтоғай ауданында Айыртас ауылдық округінде бір дала жану ошағы бақылауда қалып отыр. Өртті сөндіруге ТЖД және Айыртас ауылының өрт сөндіру бекетінің күштері жұмылдырылды. Жану ауданы анықталуда.

Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Құрғақ мезгілде ормандар мен далаларда отпен жұмыс істегенде ерекше сақ болу керек.

Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыз, сөндірілмеген оттарды, сондай-ақ сынған әйнекті қалдырмаңыз.

Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде жарамды ұшқын сөндіргіштері бар техниканы пайдалану қажет.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі