Сырым Шәріпханов Бесқарағай ауданында екі өрт сөндіру бекетінің ашылуын хабарлады

Сырым Шәріпханов Бесқарағай ауданында екі өрт сөндіру бекетінің ашылуын хабарлады

Абай облысының тұрғындарымен кездесу барысында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Бесқарағай ауданында екі өрт сөндіру бекетінің ашылуын хабарлады. 2025 жылға дейін өңірде осындай тағы 14 бекет құру жоспарланған.

Қосымша, өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендерде баламалы тәртіпте 150-ден астам ерікті құралым мен 50-ден астам өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, олар қажетті техникамен және өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі