Қостанай қаласының № 2 мектеп-лицейінің мектеп жанындағы лагерінің балалары үшін № 5 өрт сөндіру бөлімінің орналасқан жеріне қызықты экскурсия жасалды.
Экскурсия өрт сөндіру көліктері тұрған гаражға барудан басталды. Тәжірибелі өрт сөндірушілер экскурсанттарға өрт сөндірушінің жауынгерлік костюмі неден тұратынын көрсетті. Балалар өрт сөндірушілерді жоғары температурадан қорғайтын жылу шағылыстыратын костюмді алғаш рет көрді. Оқушылар түтінді бөлмеде жұмыс істеу үшін өрт сөндірушілер тыныс алу аппараттарын қолданатынын білді. Содан кейін кішкентай қоңақтар өрт сөндіру техникасын қарап, зерттеп, осы немесе басқа құралдың мақсаты туралы сұрады. Кейін оларға өрт сөндіру көлігінің ішінде отыруға және қауіпке қарай жарысып жатқан батырлар сияқты сезінуге рұқсат етілді.
Балалар үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша танымдық сабақ өткізілді, осылайша өрт сөндірушілердің жұмысымен танысу қызықты, әрі пайдалы болды. Экскурсия қарауыл үй-жайларын, кезекші-диспетчерлік қызметті және демалуға арналған үй-жайларды көрсетумен аяқталды. Өрт сөндірушілерге қызықты экскурсия үшін алғыс айтылды, өйткені балалар осы күні көргендерінің бәрінен көптеген жағымды әсер алды.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы