Шығыс Қазақстанда таулы жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіруде

Шығыс Қазақстанда таулы жетуі қиын жерлердегі өртті сөндіруде

2023 жылғы 16 шілдеде Поперечная ауылынан 10 км жердегі Черно-Убинск орманшылығында орман жабыны өртенді. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Қатты түтін мен жетуі қиын жер өртті сөндіруге қиындық тудыруда. ШҚО авиабөлімшесінің МИ-8 тікұшағымен өрт ошағына өрт сөндірушілер десанты жеткізілді.

2023 жылғы 17 шілдеде ШҚО авиабөлімшесінің МИ-2 тікұшағымен әуеден барлау жүргізілді. Ашық жалын жоқ, жекелеген түтін нүктелері бар.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен ШҚО ТЖД-дан 72 адам мен 4 бірлік техника, ШҚО авиабөлімшесінің МИ-8 және МИ-2 тікұшақтары жұмылдырылды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі