Абай облысындағы орман өрті туралы ақпарат

Абай облысындағы орман өрті туралы ақпарат

Қазіргі уақытта «Семей Орманы» МОТР аумағында өрттің жиегін сөндіру жүргізілуде.

Өртті сөндіру жұмыстарына 100-ден астам адам, сондай-ақ шамамен 25 бірлік техника тартылды.

Ауа-райының қолайсыздығы, атап айтқанда жоғары ауа температурасы және қатты жел, сондай-ақ тұзды және батпақты жерлер өртті сөндіруге қиындық туғызуда.

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің, азаматтық қорғау органдары мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерінің ыстық ауа-райына қарамастан отпен күресіп жатқан үйлесімді және батырлық іс-қимылдары арқасында елді мекендерді өрттен қорғап, өртті қысқа мерзімде оқшаулауға қол жеткізілді.

«Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 350 гектарды құрайды.

 

                        Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі